Қосақов А. Мәуелі бәйтерек. — Алматы, 2004. — 108 бет.

ISBN 9965-702-08-X

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ауылды түлету мен өркендетуді бүгінгі күннің және ертеңгі болашақтың басты бағдарламасы екендігін айқындап берді. Бұл – ұлы міндет. Осы міндет аясында ауыл адамдарын ардақтау мен құрметтеу басты нысанаға алынған. Өйткені ауылдың абыройын асыратындар да, халықтың қазынасын арттыратындар да оның айтулы адамдары.

Осындай игі мақсатты арқау еткен “Мәуелі бәйтерек” — атты кітап жарық көрді. Бұл кітапқа есімі елге кеңінен танымал, атақты ауыл ақсақалы Қанатбай Рысмендеұлының өнегелі өмір жолы арқау болған. Ол ауылдық кеңестің хатшысы және төрағасы болып, қырық жылдан аса қалтқысыз қызмет еткен. Ел ішінің тыныс-тіршілігін көзбен көріп, жүрекпен сезінген. Екі қоғамдық құрлысты көрген қазыналы қарияның жас ұрпаққа үлгі болар ғибратты ғұмыр кешіп жатқанына тәнті боласыз.

Кітап көпшілік оқырманға арналған.