«Спорт сенің серігің» атты шашки мен шахматтан достық ойын, бөлім оқырмандары арасында өтті.
30 қыркүйек күні Зағип және нашар көретін азаматттарға арналған бөлімінің ұйымдастыруымен кітапхананың білім орталығында «Спорт сенің серігің» атты шашки мен шахматтан достық ойын, бөлім оқырмандары арасында өтті. Бөлім оқырманы А.Қосақов шараға қатысушыларға достық әзілден жыр шумақтарын арнап, ізгі тілегін білдірді. Шара соңында ОКЖ директоры Б.Алжанбаева қатысушыларға мекеме атынан сыйлық табыстады.




