“СПИД -ке қарсы күрес” тақырыбында танымдық сағат өтті.

12 қыркүйек күні Төле би ауылдық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастырумен N10 колледждің студентерінің қатысуымен 1 желтоқсан-Бүкіләлемдік СПИД- ке қарсы күніне орай “СПИД -ке қарсы күрес” тақырыбында танымдық сағат өтті. Мақсаты: Оқушыларға СПИД ауруының адам өмірі үшін қатерлі,жұқпалы екенін және одан сақтану жолдарын түсіндіру.Іс-шара барысында кітапханашы СПИД-тің пайда болуын,таралу жолдарын,зиян екенін түсіндіріп,есірткі,шылым,іішімдік сияқты денсаулыққа зиян келтіретін әдеттерге қарсы күрес бар екенін айтып, Н.Қайырмұхаммедтің “Апатқа апарар үш індет”кітабы таныстырылды.