«Советұлының сара жолы» атты портрет кеші өтті.
20 мамыр күні №2 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері “Ел болып оқимыз” жобасы аясында Жамбыл облысы Меркі ауылының тумасы, Қазақстан Жазушылар және журналистер одағының мүшесі, сатирик-ақын Әлімкұлов Бақытжан Советұлына арналған «Советұлының сара жолы» атты портрет кеші өтті. Аталмыш шарада кітапханашы ақынның өмірі мен өнер жолына шолу жасап, «Күйеу келтір”, “Қыз ұзау”, “Тойыңды қыл» атты той кітабының және «Мен де бірдене дейінші…», «Ерін туралы ертегі», «Бұл менғой» сатиралық жинақтары мен «Қоянның кұлағы неге ұзын» атты кітаптары таныстырылып, мазмұны айтылды.

