«Сиқырлы саусақ қыл калам, өнер шебері» атты бейнекруиз кеші өткізілді.

5 қаңтар күні Аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына орай «Сиқырлы саусақ қыл калам, өнер шебері» атты бейнекруиз кеші өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы қазақтың саңлақ суретшісі Әбілхан Қастеевтің өнегелі өмір жолы мен жеткен жетістіктері туралы оқырмандарға мағлұмат бере отырып, «Ұлт мақтанышы» атты деректі фильмін оқырмандар назарына ұсынды. Шара соңында кітапханамыздың тұрақты окырмандары фильмнен алған әсерлерін ортаға салып, өз ойларын білдірді.

Возможно, это изображение 17 человек, люди учатся и отдел новостей