«Шығыстың ғұлама ғалымы Әбу Насыр Әл-Фараби» атты өмірбаяндық шолу өткізілді.
31 қазан күн Тасөткел ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Шығыстың ғұлама ғалымы Әбу Насыр Әл-Фараби» атты өмірбаяндық шолу өткізілді. Шара барысында оқырмандар әлемге әйгілі ойшылдың өмірі мен еңбектері туралы мағлұмат алып, әл-Фараби туралы өмірбаяндық, философия, логика кітаптарымен танысты. Мақсаты: Әлемге әйгілі ойшылдың өмірі мен еңбектері жайлы жан-жақты және терең зерделеу; оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашуға, шығармашылығына қызығушылық танытуға жәрдемдесу.


