«Шуақты Шу қонысы-құтты мекен» тақырыбында кездесу кеші өтті.

10 сәуір күні №2 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Шуақты Шу қонысы-құтты мекен» тақырыбында кездесу кеші өтті.Кеш барысында кітапханашы жергілікті жазушы, зиялы қауым өкілі Қали Сәрсебай туралы мағұлмат беріп, жазушы өзінің әдебиетке келуі жайлы және тырнақ алды туындысын таныстырып, білімгерлер қойған сұрақтарға жауап берді. Мақсаты:Қасиетті өлкемізде елге адал қызмет етіп, халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгердің шығармасын оқуға насихаттау.

Нет описания фото.