«Шуағы мол жырлар» атты поэзия кеші өтті.

5 ақпан күні №2 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері «Ел болып оқимыз» жобасы аясында Жамбыл облысының мақтанышы бірнеше облыстық, Республикалық ақындар айтысына қатысып, жүлдегер атанған, «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі», «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі ақын Шырын Мамасерікованың өмірі мен шығармашылығына арналған «Шуағы мол жырлар» атты поэзия кеші өтті. Туған жерге деген сүйіспеншілігін жеткізу, поэзияны мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру мақсатында өткізілген іс-шарада оқушылар ақынның «Ұстаз аға», «Ана тілі», «Нағыз қазақ», «Көне Тараз», «Өлең құдіреті», «Жамбыл мен Кенен» атты өлеңдерін жатқа оқыды.

Нет описания фото.