«Шоқтығы биік Шоқан» атты тақырыбында портреттік кеш өтті.

31 қазан күн N1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастырумен Шоқан Уәлихановтың 190 жылдық мерейтойына орай «Шоқтығы биік Шоқан» атты тақырыбында портреттік кеш өтті. Іс-шара барысында оқырмандарға Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығын насихаттай отыра, кітап көрмесіне шолу жасады. Мақсаты: Қазақ халқының біртуар перзенті Шоқан Уәлихановтың өмірі мен өскен ортасы, тәрбиесі жайлы тереңірек таныстыру, оқушыларының өз бетімен ізденушілік қабілетін ұштастыру, тұжырымды пікір айта білуге үйрету, Шоқан өмірін үлгі ете отырып, оқушыларды саналыққа, еңбексүйгіштікке, өз елін, отбасын сүйе білуге тәрбиелеу.