«Шашбау тағу» салт-дәстүрін сахналық қойылым арқылы жиналған жұртқа көрсетті.
12 наурыз күні Қонаев ауылдық кітапханасы мен мәдениет үйі бірлесе отырып, Ұлыстың ұлы күні мерекесіне арналған ата-бабамыздан жалғасын тауып келе жатқан «Шашбау тағу» салт-дәстүрін сахналық қойылым арқылы жиналған жұртқа көрсетті. Мұнда қазақ халқының көл-көсір пейілі, дархан көңілі көрініс тапты.
Мақсаты: Халқымыздың ұлттық құндылықтырының бірі болған қыз-келіншектер шашына тағатын сәндік әшекей бұйым-шашбаудың ерекшеліктерімен, түрлерімен таныстыру.

