«Шаһар шырайын кіргізген тарихи туындылар» атты медиашолу өткізді.
5 ақпан күні №1 Шу қалалық кітапханасында Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік қорық-мұражайына 45 жыл толуына орай «Шаһар шырайын кіргізген тарихи туындылар» атты медиашолу өткізді. Іс-шарада кітапханашы көне дәуірлердің естелігі, үлкен руханият орталығы болған, 2000 жылдық тарихы бар Тараз шаһарының тарихына тоқталып өтті. Музей-қорығына қарасты Республикалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштерінің қайталанбас тарихымен, кесенелерге қатысты әртүрлі аңыз, әңгімелермен таныстырып, деректі фильм ұсынылды.

