«Шәкен-қазақ киносының саңлағы» тақырыбында танымдық сағат өтті.
16 мамыр күні Қонаев ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен дарынды актёр, шебер режиссёр, қазақ киносының негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның Халық әртісі, КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шәкен Аймановтың 110 жылдық мерейтойына орай «Шәкен-қазақ киносының саңлағы» тақырыбында танымдық сағат өтті. Шара барысында кітапханашы Ш. Аймановтың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат беріп, қазақ өнерінде қалдырған шоқтығы биік туындылары туралы насихаттады.

