Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын балалар мен жасөспірімдер арасында насихаттау мақсатында аудандық Шәкәрім оқулары өтті.
14 ақпан күні Шу аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен ұлтымыздың ұлы ақыны, ойшылы, сазгері Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын балалар мен жасөспірімдер арасында насихаттау мақсатында аудандық Шәкәрім оқулары өтті.
Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан тұлғаларымыздың бірі – Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Шәкәрім – қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен кемеңгер ақын.
Іс-шараға Шу әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Файзуллина Қарлығаш Құрманғазықызы, Шу ауданы білім бөлімінің тәрбие жөніндегі әдіскері Асқарбек Айғаным Рымбекқызы, Шу аудандық орталық кітапхана директоры Алжанбаева Бағдагүл Дәулетканқызы кештің қонағы болды.
Қазылар алқасы шешім шығару барысында келесі критерийлер басшылыққа алынды:
1) өлеңді таңдау және оқу шеберлігі;
2) қазақ тілінің орфоэпиялық нормаларын сақтауы;
3) сахнада өнер көрсету мәдениеті және қазақтың ұлттық киім үлгісі;
4) Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы туралы толық ақпарат білуі.
Сарапшылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалау кезінде оқырманның шығарманы таңдау талғамына, дауыс мәнеріне, тіл тазалығына, жан – жақты білімділігіне, сахнада өзін – өзі ұстау мәдениеттілігіне назар аударып әділ шешімін берді.
І орынды Еңбекші ауылы Еңбекші орта мектебінің 7 сынып оқушысы Мұхан Айзада қанжығасына байлап, облыстық байқауға жолдама алды.
ІІ орын – Ақсу ауылы Баласағұн орта мектептің 6 сынып оқушысы Орынбасар Аяжан
ІІІ орын – Тасөткел ауылы Шерхан Мұртаза орта мектебінің 10 сынып оқушысы Серікбай Аружан жүлделі орындарға ие болды.


