«Сан қырлы Үміт» атты әдеби вернисаж өткізілді.
27 қараша күні Сауытбек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Ел болып оқимыз» жобасы аясында ақын, жазушы, әнші-сазгер, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Үміт Битенованың шығармаларын насихаттау мақсатында «Сан қырлы Үміт» атты әдеби вернисаж өткізілді. Шара барысында кітапханашы жазушының басқан қадамы мен тартқан қаламын халқына арнаған ақын – түрлі салада еңбек еткені туралы айтты.

