“Салт- дәстүр” атты мерекелік кеш болып өтті.
20 наурыз күні Бірлік ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен М.Х Дулати атындағы орта мектебінде Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне орай “Салт- дәстүр” атты мерекелік кеш болып өтті. Шара барысында қазақтың салт дәстүрлері мен әдет ғұрыптарынан көрініс көрсетіліп, “Бата беру”, “Бесік салу “т.б дәстүрлерімізді дәріптеліп, тәрбиелік мәні түсіндірілді.

