«Салауатты жастар -салауатты қоғам» атты тәрбие сағаты өткізілді.
5 сәуір күні Оразалы ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулықты сақтау күніне орай «Салауатты жастар -салауатты қоғам» атты тәрбие сағаты өткізілді. Шара барысында кітапханашы оқушыларға бейне слайд көрсете отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеуге, жеке бас гигиенасын сақтауға спортпен шұғылдануға зиянды заттардан аулақ болуға дәріптеді. Кітапхана қорындағы денсаулық журналдары мен кітаптарына шолу жасалды.

