«Сақтан ұрпақ СПИД деген қатерден» атты ақпараттық релиз өтті.
29 қараша күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен М.Мақатаев тірек мектебінің 5-сынып оқушыларының қатысуымен «Сақтан ұрпақ СПИД деген қатерден» атты ақпараттық релиз өтті. Шара барысында кітапханашы СПИД-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіріп, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақырды.

