“Сәкен мұралары – тарихи жәдігерлер” атты тарих сағаты өтті.
25 қаңтар күні Көкқайнар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Саттар Естемесов атындағы орта мектебінде Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына орай, “Сәкен мұралары – тарихи жәдігерлер” атты тарих сағаты өтті.
Шара барысында халқымыздың аяулы ұлы, қазақ совет ақыны, жазушы, коммунистік мемлекет қайраткері, қазақ әдебиетінің өркендеуіне өзіндік үлес қосқан Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын таныту мақсатында кітап сөресі ұсынылды. Оқушылар ақынның өлеңдерінен үзінділер оқыды.
Сондай-ақ, Сәкен Сейфуллиннің ең үздік шығармаларының бірі саналатын “Тар жол тайғақ кешу” романы өзара талқыға түсіп, әртүрлі пікірлер айтылды. Сай-сүйегіңді шымырлатып, жүрегіңді шым еткізер роман оқырманын бейжай қалдырмады.

