,,Сұңқардың самғауы» атты портрет кеші өтті.
11 маусым күні Жаңа жол ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен халқымыздың бағына туған біртума ұлы,атпал азамат ,жерлесіміз болған ҚАЛМЫРЗАЕВ САРЫБАЙ СҰЛТАНҰЛЫНЫҢ туғанына 75 жыл толуына орай ,,Сұңқардың самғауы» атты портрет кеші өтті.Шара барысында кітапханашы оқырмандарға С. Сарыбайұлының өмір жолы , халқына жасаған адал қызметтері туралы мәлімет берді .Оқырмандар мектептің жанынан ашылған «Сарыбай Қалмырзаев» мұражайындағы алып тұлғаға тиесілі болған жәдігерлермен таныс болды.

