«Рухы биік рәміздер» тақырыбында ақпараттық сағат өткізді.
4 маусым күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері «Алмас» колледж білімгерлерінің қатысуымен 4 маусым ҚР мемлекеттік рәміздері күніне арнайы «Рухы биік рәміздер» тақырыбында ақпараттық сағат өткізді. Аталған шарада кітапханашы қатысушыларды мерекемен құттықтап, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы қысқаша ақпарат ұсынды. Ол рәміздердің авторлары, мағынасы мен маңыздылығы туралы айтып берді. «Туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі Қазақстан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Қазақстан Елтаңбасы», «Елтаным», «Көк тудың желбірегені» т.б кітаптары таныстырылды.

