“Рахмет саған туған ел” атты әдеби вернисаж өтті.
1 наурыз күні Оразалы ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастырумен Алғыс айту күніне орай Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен “Рахмет саған туған ел” атты әдеби вернисаж өтті. Іс-шара барысында кітапханашы мерекенің шығу тарихы туралы баяндап берді. Оқырмандарға бейне слайд көрсете отырып жаңа түскен әдебиеттерге шолу жасалынып өтті. Оқушылар алғыс айту күніне өлең шумақтарынан шашуын шашты.

