«Қыран елім-Қазақстан» тақырыбында әдеби кеш өткізілді.

21 қазан күні Бірлікүстем ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Қыран елім-Қазақстан» тақырыбында әдеби кеш өткізілді.

Кітапханашы оқырмандарға 25 қазанда Отанымыз Тәуелсіз Қазақстанда жоғары кеңестің еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаушы Декларацияны қабылдағаны туралы айтып өтті.

Қатысушы оқырмандар да мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келе жатқаны туралы да өз ойларын ортаға салып өтті. Отан туралы өлеңдерін жатқа оқып берді.