“Қазақтың күйшісі- Аяз Бетпаев” атты сазды сағат ұйымдастырылды.
30 қыркүйек күні Абай ауылдық кітапханасында “Қазақтың күйшісі- Аяз Бетпаев” атты сазды сағат ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – қазақтың дәстүрлі күй өнерін дәріптеу, күйші Аяз Бетпаевтың шығармашылық мұрасымен таныстыру, жастардың ұлттық музыкаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Сазды сағат барысында күйшінің өмір жолы мен өнердегі жетістіктері жайлы мағлұмат берілді.



