” Қарты бардың қазынасы бар” атты кездесу кеші өтті.
1 қазан күні аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 1 қазан Қарттар күніне орай ” Қарты бардың қазынасы бар” атты кездесу кеші өтті. Аталмыш кешке Шу аудандық ардагерлер кеңесі мүшелері және М.Әуезов орта мектебінің оқушылары қатысты. Қарттарымыз жас ұрпаққа жүрек жарды тілектерін білдіріп, аталық- даналық баталарын берді. Кеш соңында қарттарымызға сый- құрмет көрсетілді.




