«Қарттарым-асыл қазынам» атты кездесу кеші өтті.

30 қыркүйек күні Бәйдібек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарым-асыл қазынам» атты кездесу кеші өтті.Іс-шараға Бәйдібек және Бөлтірік ауылының зейнеткер аналары қатысып,ән мен биден шашу шашылып, өнерпаздардың өнерлерін тамашалады.