«Қарттарым аман сау жүрші» атты кездесу кеші
1 қазан күні Далақайнар ауылдық кітапхананың қызметкері және клуб меңгерушісі мен бірлесе отырып 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарым аман сау жүрші» атты кездесу кеші ауылымыздың қарт ата – әжелерінің қатысуымен өткізілді. Іс- шара барысында кітапханашы Қарттар күнімен барша ата –әжелерді құтықтап, қарияларымыздың төл мерекелеріне арнап Т.Әшімбаев орта мектебінің оқушылары ата –әжелерге арналған өлең шумақтарын оқып, әндерін айтты. Кеш соңында қарт ата- әжелерге ақ дастархан жайылып, құрмет көрсетілді.




