«Қария сөзі – даналық көзі» атты акция ұйымдастырды.
1 қазан – Қарттар күніне Қонаев ауылдық кітапхана қызметкерлері
«Қария сөзі – даналық көзі» атты акция ұйымдастырды. Акция барысында кітапхана қызметкерлері ауылдың қариясы, көп балалы батыр анамыз Кенжеқыз апамызға барып, мерекемен құттықтады. Апамызға сый-сияпаттар табысталып, жылы лебіздер білдірілді. Көп құрсақты батыр анамызда өзінің ақ батасын беріп, өткен өмірден естеліктерімен бөлісті.
