«Полигонның үні мәңгі өшсін!» тақырыбындағы кешкі акция әртүрлі оқырмандар арасында ұйымдастырылды.
27 тамыз күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Семей полигонында атом бомбасын алғашқы жарғанына 75 жыл толуына орай «Полигонның үні мәңгі өшсін!» тақырыбындағы кешкі акция әртүрлі оқырмандар арасында ұйымдастырылды. Акция аясында кітапханашы адамзат үшін ядролық сынақтардың қаупі, полигонның қорқынышты салдары, ядролық қарусыз мемлекет құру және жер бетіндегі бейбітшілік пен өмірдің сақталуы туралы баяндап, парақшалар таратты.

