«Поэзия падишасы» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.
20 желтоқсан күні Кітапхананың білім орталығында, поэзия әлемінің биік шыңдарын бағындырған, қазақтың біртуар ақын қызы, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қоғам қайраткері, Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толуына орай, «Поэзия падишасы» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Кеш барысында кітапханашы ақынның өмірбаяны мен кітаптарына тоқталып таныстырып өтті. Тараз қаласында өткен «Кітапханашы – ХХІ ғасыр мамандығы» байқауының жеңімпазы кітапханашы Ахметова Асел қазақтың көрнекті ақыны Ф.Оңғарсынованың «Жетімнің монологы» шығармасын нақышына келтіре орындады. Бөлім оқырманы Б.Қасымқұлов М.Мақатаевтың «Фаризаға» әнін орындады. Кітапханашы Э.Шыңғысова мен А.Төлегенова ақынның «Перзент парызы», «Анама» өлеңдерін оқыды.

