“Поэзия аққуы” тақырыбында мәнерлеп оқу өтті.

9 қаңтар күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен М.Мақатаев мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, “Құрмет” орденінің иегері, Меркі ауданының құрметті азаматы Шырын Мамасерікованың 80 жылдық мерейтойына орай “Поэзия аққуы” тақырыбында мәнерлеп оқу өтті. Аталған шарада ақынның өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, оқушылар “Қайта жанған Махамбет отты ма едің”, “Бауыржанның монологы” т.б өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Возможно, это изображение 19 человек, люди учатся и текст