«Поэзия әлемінде» тақырыбында шолу өткізілді.

31 қаңтар күні Балуан Шолақ ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Ел болып оқимыз» жобасы аясында талантты, әрі сыршыл ақын Серік Томановтың шығармашылығымен таныстыру мақсатында «Поэзия әлемінде» тақырыбында шолу өткізілді. Шара барысында оқушылар жазушы С. Томановтың өлеңдері мен әндерін орындап, талантты ақынның шығармашылығы мен өмірінен ақпарат алды. Оқушыларға қызықты сұрақтар қойылып, оның әндерінің тарихы мен мазмұны айтылды.

Нет описания фото.