«Парасат биігі мен сөз құдіреті» тақырыбында тарихи танымдық сағат өтті.
21 қазан күні Шокпар ауылдық кітапханасында қазақтың үш ұлы биінің бірегейі Әйтеке бидің 380 жылдық мерейтойына орай «Парасат биігі мен сөз құдіреті» тақырыбында тарихи танымдық сағат өтті. Мақсаты: қазақтың атақты биі Әйтеке туралы толық мәлімет беру, шешендік сөздердегі дара шығармашылықтың ролін, шешендік сөздердің тарихи шындылыққа қатысын көрсетіп, жас ұрпақты ойшылдықа тәрбиелеу.

