«Озық ойлы, шыншыл жан» атты мәнерлеп оқу өткізілді.

11 маусым күні Көктөбе ауылдық кітапханасында ақын, еліміздің еңбек сіңірген қызметкері, Алаш сыйлығының иегері Ханбибі Есенқарақызының 80 жылдық мерейтойына орай «Озық ойлы, шыншыл жан» атты мәнерлеп оқу өткізілді. Ханбибі Есенқарақызы – республикаға ғана емес, бүкіл ТМД еліне танымал ақын. Бүгінде туған жерінің мақтанышына айналған қайсар мінезді қаламгер. Жас оқырмандарымыз ақынның жастық шағында жазған өлеңдері мен эсселері, естеліктерінен үзінді оқып, көркемсөз шеберлері ақынның поэзиялық шығармаларын жатқа оқыды.

Нет описания фото.