“Отбасы тәрбие бастауы” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
14 мамыр күні балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 15 мамыр – Отбасы күніне орай “Отбасы тәрбие бастауы” тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Іс-шарада оқушылар отбасы тақырыбында түрлі сұрақтарға жауап беріп, бақытты отбасы тақырыбында суреттер салып, отбасы туралы өлең жолдарын айтты. Әр адамға отбасы құнды.Адам баласына берілетін тәрбиенің ең негізі осы отбасында қалыптасады.

