«Отбасы – өмір айнасы» тақырыбында сыр-сұхбат өткізілді.
15 мамыр күні №1 Шу қалалық кітапханасында Отбасы күні мерекесіне орай «Отбасы – өмір айнасы» тақырыбында сыр-сұхбат өткізілді. Кездесу кешіне кітапханамыздың тұрақты оқырманы, көп балалы ана әрі «Асыл әжелер» қызығушылық клубының мүшесі Орысбаева Жұмакүл шақырылды. Кеште кітапханашы отбасы күнімен құттықтап, отбасы құндылықтары жайлы айтып өтті. Кеш қонағы кітапханашының қойған сүбелі сұрақтарына жауап беріп, ақыл-кеңестерімен бөлісті.
