«Отанды сүю-иманнан» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді.
23 қаңтар күні Балуан Шолақ ауылдық кітапханасында қоғамдағы бүгінгі күннің басты мәселесі-жас ұрпақты адамгершілікке ең биік шыңы – имандылыққа, жат діни ағымдардың құрығына түсіп қалмауына жол бермеу, оған қарсы тұру, рухани тазалықтың ар-ұят пен адалдықтың мызғымас тірегі дін екенін түсіндіру мақсатында «Отанды сүю-иманнан» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараға Балуан Шолақ ауылдық округі әкімі апаратының ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Д.Жунисалиев қатысып, оқырмандарға ислам дінінің негізі болып саналатын хадистер мен сүннетердің құндылықтарды салт- дәстүр, ата-ананы құрметтеуге, сабырлыққа, төзімділікке , жат әдеттерден сақтауға күш салуымыз керек екенін кеңінен түсіндіріп, жасөспірімдер ойларында жүрген сұрақтарымен бөлісті.

