«От ортасындағы ару» атты Т.Әшімбаев орта мектебінің оқушыларының қатысуымен ауызша журнал өткізілі.
25 сәуір күні Далақайнар ауылдық кітапханасында Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың туғанына – 100 жыл толуына орай «От ортасындағы ару» атты Т.Әшімбаев орта мектебінің оқушыларының қатысуымен ауызша журнал өткізілі.
Іс -шара барысында кітапханашы оқырмандарға сұрапыл майданда ерліктің өшпес үлгісін көрсеткен қазақтың қайтпас қайсар қаһарман қызы, әйгілі снайпер Әлия Молдағұлованың өмірі мен ерлігі туралы сыр шертіп, ауызша журналдың әр бетіне тоқталып,кеңінен таныстырып өтті.

