“Ой маржан кітап” тақырыбында кітап саяхаты өтті.
24 шілде күні балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Шу аудандық ерекше балаларды оңалту және бейімдеу орталығында “Ой маржан кітап” тақырыбында кітап саяхаты өтті. Кітап қорынан “Аруна” баспасынан шыққан “Аспаптар үні”, ”Көліктер”, ”Жануарға жақын бол”, ”Орман үні” және т.б сөйлейтін кітаптар таныстырылды. Мақсаты: ерекше балалардың эмоциялық әсерін ұшқындау, қиял елестерін дамыту, баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштау, ойлау өрісін дамыту.


