“Өзіме өзім патшамын өз жерімде” атты кездесу кеші өткізілді.

25 қыркүйек күні Ақсу  және Оразалы ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Шу ауданының құрметті азаматы, Ақсу ауылының тумасы, зейнеткер, ұстаз, ақын, жазушы Сәт Мәлібековтың шығармашылығына арналған “Өзіме өзім патшамын өз жерімде” атты кездесу кеші өткізілді. Іс – шара Ж.Баласағұн атындағы орта мектебінің директоры Қ.Тасибеков және К.Әзірбаев атындағы орта мектебінің директоры Ш.Агибаева ақын жазушыға жүрек жарды тілектерін білдірді. Шара барысында кітапхананың тұрақты оқырмандары ақынның өлеңдерін жатқа айтып, көкейлерінде жүрген сұрақтар қойылды. Ауылдық клубының мәдени ұйымдастырушысы айтыскер, ақын Б.Жұмабеков ақынға арнауын арнап, “Қазағым елім байтағым” әнін А.Давлет орындап, “Сұлтан” биін тамашалады. Кітапханашы Ж. Досжанова “Жергілікті ақын-жазушылар мұрасы, болашақ ұрпақ қазынасы” атты кітап көрмесімен таныстырды. Іс-шараның соңында Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Б.Алжанбаева жылы лебізін білдіріп, сый – сыяпат жасады.