“Өмірі өнеге болған жан” атты танымдық кеш өтті.
30 қыркүйек күні Бәйдібек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен “Ел болып оқимыз” акциясы аясында “Өмірі өнеге болған жан” атты танымдық кеш өтті. Шара барысында оқырмандарға аты аңызға айналған халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының өмірінен мағлұмат берілді. Батырдың соғыста көрсеткен сансыз ерліктері, бар өмірі кейінгі ұрпаққа өнеге екені айтылды. Соңында кітапхана қорынан Б.Момышұлының кітаптары оқырмандарға ұсынылды.


