“Өлеңім менің өзенім”атты кітапханалық бульвар өтті.

6 қазан күні  Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті ақыны Жұбан Молдағалиевтың – 105 жылдығына орай “Өлеңім менің өзенім”атты кітапханалық бульвар өтті. Шара барысында ақынның өмірбаянымен таныстыра отырып, туған жер, Отан, соғыс тақырыбындағы шынайы сезімге толы лирикалық өлең-жырлары, поэмалары оқылды. Мақсаты: Жұбан Молдағалиевтың шығармаларын таныстырып, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.