“Өлеңім менің өзенім” тақырыбында әдеби портрет өткізді.
6 қазан күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері №40 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен қазақ ақыны, жауынгер, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Жұбан Молдағалиевтың 105 жылдық мерейтойына орай “Өлеңім менің өзенім” тақырыбында әдеби портрет өткізді. Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, Мұратбай Алана “Мен қазақпын” атты өлеңін мәнерлеп оқыды.
Мақсаты: Жұбан Молдағалиевтың өмірі және шығармашылығымен таныстыру. Ақынның қалам өнеріндегі асқан дарынын, шеберлігін таныту. Оқырмандардың поэзия туралы түсініктерін дамыту.



