Одағының мүшесі, облыстық «Ақ жол» газетінің тілшісі Есет Досалы орталық кітапханаға арнайы бет бұрды.

17 қаңтар күні Шу ауданына іс-сапармен келген айтыскер ақын, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, облыстық «Ақ жол» газетінің тілшісі Есет Досалы орталық кітапханаға арнайы бет бұрып, кітапхананың үздік оқырмандары мен кітапханаға 40-жылдан аса еңбегі сіңген Б.Нұртаева, К.Лахаева, Г.Керімбаева және кітапханашылармен кездесті.

Кітапханамыздың ең үздік оқырманы Дүйсеке Еркебұлан Есет ағамызға жыр шумағын арнаса, кітапхана директоры Б.Алжанбаева тілшіге Шу ауданында дүниеге келген әдебиетімізде елеулі орны бар ақындардың өлеңдері енгізілген «Шу өңірі ақындарының антологиясы» кітабын сыйға тарту етті.