“Наурыз келсе, құт келгені халқыма” атты музыкалық композициясын өткізді.
20 наурыз күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері Ы.Алтынсарин мектебінің 5, 7, 8 сынып оқушыларының қатысуымен Ұлыстың Ұлы күні наурыз мейрамы қарсаңында “Наурыз келсе, құт келгені халқыма” атты музыкалық композициясын өткізді.
Шара барысында кітапханашы қатысушыларды мерекесімен құттықтап, наурыз жайлы қысқаша мәлімет берсе, оқушылар би билеп, ән айтып өнерлерін көрсетті. Кеш соңында 8 сынып оқушысы Жанат Темірлан бата берді.

