“Нашақорлық-бүкіл әлемнің қасіреті” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

26 маусым күні Қонаев ауылдық мәдениет және кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Нашақорлық-бүкіл әлемнің қасіреті” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жастарға кітапханашы нашақорлық туралы ақпараттармен таныстыра отырып, адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің зиянын түсіндірді. Саналыққа, салауатты өмірді таңдауға тазалыққа, лас істерден аулақ болуға , жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауды айтып, есірткі жайлы кеңінен мағлұмат берді.

Нет описания фото.