“Нашақорлық- ғасыр дерті “ тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

7 маусым күні Төле би ауылдық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастырумен жастар орталығының қызметкерлерінің қатысуымен “Нашақорлық- ғасыр дерті “ тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Іс шара барысында кітапханашы оқырмандарға нашақорлықпен күресуге жалпы қоғам болып ат салысу қажеттілігін, өскелең ұрпағымызға жарқын да салауатты өмір сүру керектігін айтып өтті. Нашақорлық – барлық қылмыс пен қатыгездіктің, мейірімсіздік пен дінсіздіктің негізі дейтін болсақ, жастарымыздың ғасыр індетіне шалдықпауына қоғам болып жол бермеуіміз қажет деп жастарға жаман заттардан аулақ болу керектігін айтты.

Нет описания фото.