«Нашақорлық-ғасыр дерті» атты ақпараттық шолу өткізілді.
25 маусым күні Бірлік ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен,ауыл тұрғындарының қатысуымен «Нашақорлық-ғасыр дерті» атты ақпараттық шолу өткізілді. Мақсаты: Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің , темекінің зиян және улы екенін түсіндіру,салауатты өмір таңдауға, тазалыққа, жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу. Есірткі жайлы кеңінен мағлұматтар беру, Отан сүйгіштікке, ұлт жандылыққа, тазалыққа, денсаулыққа баулу.

