«Нұр себеле,Ұлыстың Ұлы күні!» тақырыбында әдеби кеш өткізілді.
19 наурыз күні Бірлікүстем ауылдық кітапханасында Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесіне орай Домалақ ене орта мектебінің 3 сынып оқушыларының қатысуымен «Нұр себеле,Ұлыстың Ұлы күні!» тақырыбында әдеби кеш өткізілді. Кешке қатысушыларды кітапханашы дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтап, іс-шараға қатысушы оқырмандар наурыз мерекесіне арналған өлең-жырларын нақышына келтіре орындап, биші қыздарымыз мың бұрала билеп жақсы көңіл күй сыйлады.

