«Менің атым Қожа» атты кітап көрмесі жасақталды.
14 ақпан күні 2024 жылдың «Бір ел-бір кітап»- республикалық акциясы аясында жалпыхалықтық оқуға ұсынылған көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырған «Менің атым Қожа» атты кітап көрмесі жасақталды. Шара барысында кітапхана қызметкері сүбелі еңбектер жазған жазушының өмірбаяны, шығармашылығындағы өткірлік, азаматтық өнегесі туралы баяндады.
Көрмеге қалың оқырман тарапынан зор ықыласқа ие болған «Өлгендер қайтып келмейді», «Балалық шаққа саяхат», «Қайдасың Гауһар?», «Боз тобенде бір үй бар», «Ақбоз ат», « Жекпе-жек», «Он алты жасар чемпион» атты туындыларымен қатар ал кітапқа да, киноғда да арқау болған «Менің атым Қожа» шығармасы, жазушының мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар топтамалары қойылды. Әсіресе жазушы шығармаларының ішіндегі бала жүрегіне жол тапқан үздік туындылардың бірі «Менің атым Қожа» повесі болды. Арада қаншама жылдар өтсе де осы бір үлкен туындыны балалар қауымы жалықпастан, әлі оқуға ниетті.

