«Менің атым Қожа» атты әдеби кеш өтті.
23 қазан күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен А.Макаренко орта мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын насихаттау мақсатында «Менің атым Қожа» атты әдеби кеш өтті. Іс-шара барысында кітапханашы қазақ балалар әдебиетінің қаламгері Б. Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстырып, балаларға қазақ әдебиетінің озық туындысының бірі, «Менің атым Қожа» әңгіме-повесі оқырмандарға таныстырылып, насихатталды.

